Телефоны для связи:
+7(72-771)2-29-01
» » » VII шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс XVIII сессиясы

VII шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс XVIII сессиясы

29 март 2022, Вторник
111
0
Бүгін, 29 наурыз 2022жыл сағат 12:00-де VII шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс XVIII сессиясы Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы Айнабеков Бауыржан Бақтыбайұлының жетекшілігімен ZOOM арқылы онлайн форматта өткізілді.
Сессияның күн тәртібіне қарауға төмендегі мәселелер ұсынылды:
1. Қарасай ауданының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту.
2. Қарасай ауданы елді мекендерінің бас жоспарын бекіту.
3. Қарасай ауданы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жаңа құрамын бекіту.
4. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекіту.
5. Қарасай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жаңа құрамын бекіту.
6. Қарасай аудандық мәслихатының «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 21-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4422 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы№ 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты жоғарыда көрсетілген мәселелер бірауыздан бекітілсін деп ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.
Сессия отырысын Aitube.kz Қарасай аудандық мәслихат каналынан көре аласыздар.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Правительственные интернет-ресурсы