Телефоны для связи:
+7(72-771)2-29-01

Ол кісі мұндай құрметке лайық

25 март 2019, Понедельник
71
0
Елордамыз Астана қаласының атауын “Нұр-Сұлтан” деп өзгерту шешімін біздің ұжым дұрыс деп санайды. Өйткені еліміз Кеңес одағынан шығып, тәуелсіздік алған жылдары көптеген қиындықтар көріп, тоқырап тұрған еді. Бірақ Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында еліміз аз уақыттың ішінде дамыған елдердің қатарына қосылып, тілі мен діні, өз шекарасы мен Астанасы бар дамыған елдердің қатарына қосылды. Ал, Нұрсұлтан Әбішұлының қалануы мен көркейуіне өзінің үлкен үлесін қосқан әсем қаламыз Астана қазіргі таңда қазақстандық бренд болып саналады. Бұның бәрі Тұңғыш Президентіміздің арқасында. Осы ретте елордамыз Астананын атын “Нұр-Сұлтан” деп ауыстыруды мен толықтай қолдаймын. Бұл біздің еліміздің тұрақтылық пен дамуға жол ашқан Н.Ә.Назарбаевқа айтқан алғысымыз бен көрсеткен құрметіміз деп білеміз. Ол кісі мұндай құрметке лайық деп санаймыз. 
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Наурыз мерексе тек жақсылық әкелсін! 
Жеңіс Бектасов, 
«Ж Каскелен» ЖШС-ның директоры,
Қарасай аудандық мәслихатының депутаты.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Правительственные интернет-ресурсы