Телефоны для связи:
+7(72-771)2-29-01

Ел жадынан ешқашан өшпейді

15 май 2019, Среда
18
0
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев Қаскелең қаласында тұратын соғыс ардагері Василий Иванович Безруковтың үйіне барып, әлі күнге дейін миллиондаған адамның жанын толқытатын мерекемен құттықтады.Айтбай Жексембайұлы алдымен сонау сұрапыл соғыста ерлік пен батырлықтың үлкен үлгісін көрсетіп, бүкіл дүниежүзін жаулап алмақ болған қараниетті неміс-фашистерінен ел мен жерді жанқиярлықпен қорғап қалғандар қатарындағы қарт майдангерге шын жүректен шыққан ізгі тілегін білдіріп, жақсы сөзін арнады. Кейінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүруі үшін аталарымыздың майдан даласында ержүректікпен шайқасқаны ел жадынан ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.
Мұнан кейін ардагер қарияға сый-сияпатын ұсынды.
Ал, Василий Иванович болса соғыс ардагерлеріне мереке кезінде осындай құрмет көрсеткені үшін аудан басшылығына үлкен рахметін айтты.

zgazeta.kz
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Правительственные интернет-ресурсы