Байланыс телефондары:
+7(72-771)2-29-01
» » » Елбасының өлшеусіз еңбегі еленуі тиіс

Елбасының өлшеусіз еңбегі еленуі тиіс

25 наурыз 2019, Дүйсенбі
124
0
Қазақ тарихына көз тастап қарайтын болсақ, қазақ хандығынан бері 9 астана орталық қалаға айналыпты. Соңғы рет 1997 жылы бас қалаға айналған ол – Ақмола қаласы еді. Кейіннен саяси, экономикалық, халықаралық жағдайларға байланысты «Астана» атауына өзгерген болатын. Енді міне, өздеріңізге мәлім болғандай, Елордамыз ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атқарған елеулі еңбектері мен құрметіне орай, Астана қаламызға «Нұр-Сұлтан» атауы беріліп отыр. Менің ойымша, бас қаламыздың дәл осылай Тұңғыш Елбасымыздың есімімен аталуы өте орынды деп ойлаймын. Өйткені, Сарыарқаның төсінде кең қанат жайып, әлемнің алып қалаларындай бой түзеп, бас қаламызға айналуына себепкер болған Нұрсұлтан Әбішұлының маңдай терінің арқасында екені анық. Ұлт Көшбасшысы ретінде Тұңғыш Президентіміз Тәуелсіздік жолында қаншама жұмыстар атқарып, 30 жыл ішінде мемлекетіміз әлемді таңғалдыратын жағдайға жетті. Бұның бәрі әрине, Нұрағамыздың өлшеусіз, табанды еңбекқорлығының арқасында деп білеміз. Келешекте Нұр-Сұлтан қаламыз одан әрі гүлденіп, даму мен өркендеу жолында әлемнің әдемі қалаларымен қатар тұруына тілектеспін! 
Бауыржан Айнабеков, 
«Таусамалы Қызмет» кәсіпорынның директоры,

Қарасай аудандық мәслихатының депутаты.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Мемлекеттік органдардың веб-сайты