Байланыс телефондары:
+7(72-771)2-29-01

«Нұр-Сұлтан» шаһары шарықтай берсін

25 наурыз 2019, Дүйсенбі
131
0
Ел жүрегіне айналып үлгерген бас қалаға «Нұр-Сұлтан» атауының берілуі дер кезінде, уақтылы іске асқан шешім болып табылды. Осы уақытқа дейін Елордамыз – қазақ халқының мақтанышына айналған, Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жемісті жобалары бірі болып есептелгені белгілі. Расыменде, Ұлт Көшбасшысы тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған, әрі ең жас қаланың іргетасын көтеруіне ықпал еткен білікті тұлға десек артық етпес. Сондықтан, Отанымыздың орталығы – Нұр-Сұлтан қаласы деп аталуы өте орынды санаймыз. Осы ретте, бұл тарихи шешімнің жүзеге асқанын біздің ұжамдағы 80 қызметкер де құптап, қолдайтынын жеткізгім келеді. Жас қаламыздың өмірге келіп, оның әсем қала болып бой түзеуіне мұрындық болған ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған еңбектері жетіп артылады. Тұтас бір мемлекетке бренд болып қалыптасатындай шаһар тұрғызу асқан ерлік пен еңбектің жемісі. Осындай асқан парасаттылықпен іске асқан табандылықтың қайтарымы болуы заңдылық. Сол үшін ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласы болғаны болашаққа тағы бір құтты қадамдардың бірі деп санаймыз.Жалғасхан Далібаев, 
"Дәулет Серпін" ЖШС-ның басшысы,

Қарасай аудандық мәслихаттының депутатты.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Мемлекеттік органдардың веб-сайты