Байланыс телефондары:
+7(72-771)2-29-01
» » Қарасай ауданында екі отбасы баспаналы болды

Қарасай ауданында екі отбасы баспаналы болды

07 наурыз 2019, Бейсенбі
134
0
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында бүгін Қаскелең қаласының «Қарлығаш» ықшам ауданында екі пәтердің кілті табысталды. Баспананың бірін аудандық мәслихат депутаты, «Таусамалы-қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Бауыржан Айнабеков өз атынан жомарттық танытып, әлеуметтік осал топтарға жататын отбасына бір бөлмелі пәтерді сыйлады. Отбасының анасы Жанат Досалина бүгінде жолдасы Жеңіс екеуі үш баланы тәрбиелеп, бағып-қағуда. Жанұяның тұңғышы, жанарынан ақаулығы бар, батыр Темірлан жаңа қонысқа көшіп жатқанын айтып, қуанышын да жасыра алмады. Өз кезегінде жақсылық жасауды мақсат еткен Бауыржан Бақтыбайұлы жаңа пәтер иелерін құттықтап, ізгі ілтипатын білдірді. Дәл осындай қуанышты жағдай осы күні көпбалалы, әрі үшем ұлдары бар Рыспековтер жанұясында да орын алды. Оларға баспананалы болу бақытын сыйлаған «Еламан» ЖШС құрылыс компаниясы еді. Жаңа қоныс иелеріне үш бөлмелі тұрғын үйдің кілтін аталмыш комапанияның басшысы Ерғали Миразов өзі табыстап, көпбалалы отбасына жүрек жарды тілегін де жеткізді. Ал, бес баланың, оның ішінде үшемнің анасы атанған Раушан Рыспекова мереке қарсаңында мұндай қуанышты сәтті күтпегенін айтады. Жомартты жандардың жақсылығының арқасында баспаналы болған екі отбасын жаңа қоныстарымен құттықтаймыз! шаңырақтары шаттық, үйлеріне ырыс-береке толсын!


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Мемлекеттік органдардың веб-сайты