Байланыс телефондары:
+7(72-771)2-29-01
» » Алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХ сессиясы өткізілді

Алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХ сессиясы өткізілді

19 наурыз 2019, Сейсенбі
122
0
Бүгін аудан әкімідігінің үлкен мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХ сессиясы өткізілді. Жиынға аудандық мәслихат депутаты Ақшолпан Марат төрағалық етіп, ашып жүргізіп отырды. Кезектен тыс сессияға халық қалаулыларынан бөлек, аудан әкімі Жандарбек Далабаев пен оның орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бірнеше бөлім басшылары және мектеп директорлары қатысты. Сессияның күн тәртібінде 9 мәселе қаралып, оған қатысты бірқатар ойлар ортаға салынды.
Солардың ішінде алдымен «Қарасай ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» №38-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе айтылған еді. Ол жайында аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жеңіс Ноғайбаев баяндама жасап, жиынға қатысушыларға түсінікті ақпарат жеткізе білді. Одан кейін «Қала және ауылдардың бас жоспарларға сәйкес егжей-тегжейлі сызбаларын бекіту туралы» №18-4 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесіне қатысты сөз кезегі аудандық сәулет және қалақұрлысы бөлімінің бас маманы Дәрмен Жапаровқа берілді. Өз кезегінде бас маман айтылған мәселеге қатысты баяндамасын оқып, бірқатар шешім өзгерістерін ортаға салды.
Ал, «әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және тұрғын үй алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттар тізбесі» мен «Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту» туралы шешімдер жобасы депутаттар тарапынан дауыс беру арқылы мақұлданып, бірден бекітілді.  Дәл осындай халық қалаулыларының шешімі арқылы күн тәртібіндегі басқа да мәселелер толықтай қаралып, шешімдер бірауыздан қабылданды. Сессия барысында айтылған ойлардан бөлек, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов көпшілікке мәлімдеме жасады. Нақты айтқанда, Жеңіс күніне орай, ардагерлерге құрмет ретінде мекеме қызметкерлері біркүндік жалақыларын көмек ретінде берсе деген ұсынысын білдірді.
Сессияның соңында аудан әкімі Жандарбек Далабаев барлық ортаға салынған мәселелерге қатысты өз ойын білдіріп, бірқатар әлеуметтік сұрақтарға да тоқталды. Сонымен қатар, аудан басшысы Елбасының жүктеген маңызды тапсырмаларын да тілге тиек етіп, рухани жаңғыру жолында әлі талай жұмыс атқару қажеттігін жеткізді.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Мемлекеттік органдардың веб-сайты