Байланыс телефондары:
+7(72-771)2-29-01
» » Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

28 ақпан 2019, Бейсенбі
154
0
Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес,Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізілетінінхабарлайды (консультативтік-кеңесші, байқаушы орган).Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы»Заңының10-бабының1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Конкурсқа қатысу үшін:
  1. кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және
(немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  1. коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелгендігі
туралы құжаттың көшірмесі;
  1. кандидаттың жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
  2. кандидаттың Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер
туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар (халыққа қызмет көрсету орталығынан кандидаттың мекенжай анықтамасы, кандидаттың сотталғандығының болмауы туралы анықтамасы. Денсаулық сақтау ұйымдарынан кандидаттың психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты есепте тұрмағандығы туралы анықтамалар) ұсынылады.
Белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар Қоғамдық кеңеске сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Құжаттарды ұсыну мерзімдері: (10 жұмыс күн) 2019 жылғы наурыз айының 1-нен 15-не дейін (қоса алғанда)
Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Қарасай аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекен-жайы; Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 213, индекс 040900, электрондық пошта мекенжайы – karasaymaslihat@mail.ru, байланыс телефоны: 2-99-41.
Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Мемлекеттік органдардың веб-сайты